Франция АҚШ-қа тағы бір «Азаттық» мүсінін сыйға тартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та тағы бір Азаттық мүсіні пайда болады, деп жазды «Хабар 24».
Әңгіме бүкіл әлемге танымал нысанның көшірмесі жайлы. Ол XIX ғасырда Францияда жасалып, Париждегі мұражайда сақталған. Алдағы күндері көшірмені АҚШ-қа жіберу жоспарланып отыр. Француздардың «сыйы» Нью-Йоркке Американың Тәуелсіздік күніне орай, яғни 4 шілдеде жеткізілуі тиіс. Артынша ол Вашингтонға аттандырылып, Франция елшілігі алдында орнатылуы керек.
Жалпы америкалықтардың бүкіл әлемге танымал нысаны – Азаттық мүсінін 1886 жылы франуздар жасап, АҚШ-қа жіберген болатын. Оның биіктігі – 92 метр, салмағы 200 тоннадан асады. Көшірменің өлшемдері түпнұсқадан 16 есе кіші болып отыр.
Екі мүсін де Франция мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынасты және қос мемлекеттің егемендігін білдіреді. Америкалықтардың тәуелсіздік туралы декларациясы 1776 жылы қабылданған. Бізде 1789 жылы Ұлы француз революциясы басталды. Яғни, екі оқиға арасындағы айырмашылық 13 жыл. Бұл қос мемлекеттің тарихында ұқсас тұстардың көп екенін білдіреді, - деді Des Arts Et Metiers мұражайының директоры Мари Лаура Эстигнард.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы