Фотожурналист Болат Омарәлиев өмірден өтті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі фотосурет өнерінің көрнекті өкілі Болат Омарәлиевтің өмірден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болат Шамаұлы қазақстандық журналистика мен фотоөнердің дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның халықаралық және республикалық деңгейдегі шығармашылығы отандық мәдениет тарихында өшпес із қалдырды. Ол көптеген жас журналистерге тәлім беріп, фотожурналистердің бірнеше буынын тәрбиеледі.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы