Фоторепортаж: Зағип және нашар көретін жандарға арналған көрме ашылды

Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде «Көрінбейтін әлем» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шарада танымал фотографтардың рельефтік суреттері мен, дыбыстық сипаттамалары, мәтіндері Брайль шрифтімен жазылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде 2,2 миллиардтан астам адам көру қабілетінің бұзылуының әр деңгейдегі түрлерімен бетпе-бет келеді және олардың көпшілігі үшін фотосурет құпия болып қалып отыр.  Қазақстанда 160 мыңға жуық адам осындай шектеулермен өмір сүреді. "Көрінбейтін әлем" көрмесі кедергілерді жойып, көру қабілетінің нашарлығына қарамастан, өнерді барлығына қолжетімді етті.

Тактильді және аудиовизуалды элементтер нашар көретін және зағип адамдарға шеберлер айтқан бейнелерді жанасу мен дыбыс арқылы сезінуге ерекше мүмкіндік береді.

Сондай-ақ арнайы көзілдірік - симуляторлардың көмегімен глаукомадан диабеттік ретинопатияға дейінгі әртүрлі визуалды патологиялардағы көрермендер кескіндерді қабылдаудың қалай өзгеретінін көре алады.

Көрмені 2024 жылдың 24 қазанына дейін тамашалауға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы