Фоторепортаж: Көктем келе салысымен Алматыда қар жауды

Қала тұрғындары көктемде жауған қардың суреттері мен видеоларын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматылықтар табиғаттың ерекше құбылысына таңдана да тамсана қарап жатқанын атап өтті.

Көктем келді, күн жылынды деп қуанғанда, аяқ асты алай-дүлей жел соғып, қар жауып кетті. Күні кеше тау бөктерінде бәйшешектер бүр жарып, көктемнің сұлулығына таңданған едік. Табиғаттың тосын мінезіне тамсана да таңдана қарап жатырмыз, - дейді қала тұрғыны.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады. 

Таулы аймақтарға серуендеуді ауа райы қолайлы болғанша кейінге қалдырған дұрыс. Үйге қайтуды кешке қалдырмаңыз, қайтар жолдан адасуыңыз мүмкін. Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді,- дейді Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы