Автожол саласын цифрландыру жобалары таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ҚР Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми қолдауымен «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» Халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған шарада жол салу, жөндеу, автомобиль жолдарын күтіп ұстау саласындағы соңғы жетістіктер туралы көрме ұйымдастырылды. 






Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған көрме аясында пленарлық сессиялар өтті.


Сондай-ақ «Нұрлы Жол» жəне «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылған автожол саласын цифрландыру бойынша жобалар таныстырылды.



«QAJ mobile» мобильді қосымшасы елімізде тіркелген көлік құралдарының барлық иелеріне теңгерімді толтыру, ақылы автомобиль жолдарынан өткен жол есебін көру, көлік құралы туралы үзінді көшірмені алу мүмкіндігін тегін ұсынады.



«ҚазжолҒЗИ» АҚ қызметкерлері Жылжымалы жол зертханаларын ойлап тапты, оның көмегімен  көшелер мен жолдарды төлқұжаттау және заманауи жылжымалы жол зертханалары жұмыс істейді.


Көміртекті наноұнтақ негізінде модификацияланған битумды қолдана отырып, асфальтбетон қоспаларының құрамы әзірленді. 





Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ғалымдар жолдағы климатты бақылау датчигін ойлап тапқаны туралы ақпарат жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы