Фоторепортаж: Алматылықтар Кореяның дәстүрлі өнерімен танысты
Алматыда «Чэккори» көрмесі ашылды. Ол жерде «Минхва» өнерімен және оның бірегей стилімен танысуға болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
«Чеккори» - Кореядағы натюрморттың атауы. Көрменің азиялық туры Мемлекеттік орталық музейінен бастау алды.
Әлемде бұл өнердің көптеген үлгілері бар, бірақ Корея Чосон әулеті дәуірінде бұл бағыттың басым болуымен бірегей. Кітап Чосон әулеті кезінде (1392-1910 жж.) үлкен құндылыққа ие болып, зиялылықтың көрсеткішіне айналды. Чосон әулеті дәуірінде кітаптарды сүйіп оқуды ұнататындар көп болды. Бұл шығармашылықтың дамуына септігін тигізді. «Минхва» - корейлік эстетика мен сезім жақсы сезілетін, ең байырғы корей тамыры бар кескіндеме; бақытқа бағытталған, қараңғы реңктерсіз, жарқын және көңілді, тек оң энергия беретін кескіндеме. «Минхва» өнері соңғы кездері әлемде танымал болып келеді. Қазіргі уақытта бұл өнер түрінің 200 мыңнан астам ізбасарлары бар. Көрменің азиялық туры Мемлекеттік орталық музейінен басталады. 40 заманауи өнер суретшілері «Минхва» кітаптарды түрлі қиял әлемдерін көрсету үшін пән ретінде пайдаланды. Олардың Чосон әулетінің «Чэккори» дәстүрлерін заманауи түрде қайта ойластыруды бейнелейтін туындылары алғаш рет Алматы жұртшылығына ұсынылды, - деді Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы.
Көрме Корея туралы түсіністікті кеңейту алаңына айналып қана қоймай, Қазақстанда мәдени алмасу мен елдер арасындағы екі жақты байланыстарды одан әрі нығайтады.