Фоторепортаж: Алматыға қалың қар жауды
Кеше түнде басталған қар түске дейін жауады деп болжанып отыр, ақ ұлпаның қалыңдығы 15 сантимерге жеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қалада көлік кептелісі пайда болып, адамдардың жұмысқа кешігіп жеткенін байқауға болады.
Қар түнімен жауды. Сол себептен болар аяқ алып жүру мүмкін емес. Көліктердің кептелісінен жұмысқа кешігіп жатырмыз. Арнайы техника қарты тазалап үлгере алмай жатқанын көруге болады. Дегенмен, ақ қарға оранған Алматының әсемдігі арта түсті. Қыстың көркі – ақ қар. Айналаны аппақ түске бояған ақ қар көңіліңді сергітеді,- дейді қала тұрғыны.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында көшелерде сағат 04.00-ден бастап 166 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себілген. Қар тазарту жұмыстарына 08.00-ден бастап 452 бірлік арнайы техника, оның ішінде 174 шағын көлемді техника мен 1183 жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды.
Жол патрульдік полиция көліктерінің жол бастап жүруімен сағат 06.00-дан бастап 14 колонна көлік қар күреп жүр. Қала көшелерінен 44 қар тиегіш пен 73 өзі түсіргіш жүк көлігімен қар шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Түнгі уақытта 3,8 мың м3 қар шығарылды (жалпы қыста 198 мың м3). Сағат 08.00-ден бастап 452 бірлік арнайы техника, оның ішінде 174 шағын көлемді техника мен 1183 жұмысшы қар күреуге жұмылдырылады. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды,- дейді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.