Фоторепортаж: Алматыда жапалақтап қар жауып тұр

Алматыда бүгін сағат 21.00-ге дейін қалыңдығы 20 см қалың қар жауады. Қар тазалауға 1220 жол жұмысшысы, 600 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәлімдеді. 

Қар шығару жұмыстары аяқталды. Қысқы кезеңде барлығы 226 мың текше метр қар шығарылды. 12 ақпан күні таңертең қар тазалауға 600 бірлікке дейін техника және 1220 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Адамдар көп жүретін орындарында қар жауғанға дейін 172 құм таратқыштың кезекшілігі ұйымдастырылды. Сонымен қатар көктайғақты болдырмау үшін қала көшелеріне оған қарсы материалдар себілді. Қар ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40%-ын құрайды, – деп хабарлады Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Ал қала тұрғындары құбылмалы ауа райына таңдана қарап, тамсана қызықтап жатыр. 

Кеше ғана күн жылы болған. Тіпті, көктем келді деп жеңіл киімдерімізді шығарып едік. Ал бүгін қалың қар тоқтаусыз жауып жатыр. Қардың жауғаны жақсы, дегенмен жүру қиындады. Кей жер балшық болып жатыр. Ауа райы құбылмалы болғандықтан, аурудан айыға алмай жатырмыз, – дейді қала тұрғыны. 

Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы