Фоторепортаж: Алматыда рәміздер күнінде мемлекеттік ту көтерілді

Алматыда Рәміздер күніне орай Медеу мұз айдынында көк ту көкке көтерілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Байрақ мемлекеттік Әнұран шырқалғанда тұғырға көтерілді. 

Ту көтеру рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты. 

Сондай-ақ іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жастар мен еріктілер, спортшылар да жиналды.

Барша қазақстандықтарды Рәміздер күнімен құттықтаймын. Әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор. Біздің мемлекеттік рәміздеріміз өте ерекше, әрі әдемі. Елтаңба, Ту мен Гимн – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары,- дейді Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин.

Әнұранды 15 000 мыңнан аса адам шырқады. 

Мерекелік шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы