Фоторепортаж: Алматыда өткен дәуірдің егіншілік құрал-саймандары көрсетілді

Мемлекеттік Орталық музейінде «Қазақтың дәстүрлі егіншілік мәдениеті» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазақ даласында ежелден мал шаруашылығымен қатар, егіншілік кәсібімен де айналысқан.

Өзен-көл, су көздері жақын өңірлерде егіншілік ошақтары дамыды. Егіншілік орталықтары – Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Орал, Ертіс өзендері мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері маңы, Оңтүстік Қазақстан (Сырдария, Қаратау) және Жетісу өңірлерінде кең өріс алып, ертеден дамыған. Басқа аймақтардың да тұрғындары жер өңдеумен айналысты. Егіншілік неолит және энеолит кезеңінде қалыптасты. Ал, қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар егіншілік кәсібімен айналысты. Андрондықтар жерді өңдеу үшін тесе, қола, мыс орақтарды пайдаланған. Бүгінгі көрмеге музей қорындағы экспонаттар қойылған,- деді Филология ғылымдарының докторы, профессор, антропология және этнология бөлімінің бас ғылыми қызметкері Рүстембек Шойбеков.

Көрмеде ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ.Қазақстандағы дәстүрлі егіншілік мәдениетінің шаруашылығында қолданылған соқа (жерағаш), ағаш шынжыр, айыр, мала, тырма, кетпен, күрек, орақ, тырнауыш, шалғы т.б. заттай материалдар мен фотоқұжаттар қойылған.

Көрме 2 апта бойы жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы