Фоторепортаж: Алматыда көктемгі гүл отырғызу жұмыстары басталды

Мегаполисте "Алматы - біздің ортақ үйіміз"акциясы аясында мектеп, тұрғын үй аулаларында гүл отырғызылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Науқанға қатысқан барлық оқу орнындарында "Мектеп ауласының оазисі" ландшафты дизайн фестивалі өтті. Балалар 500-ден астам ағаш отырғызды. Сондай-ақ қаланың барлық мектебі қатысатын "Қоқыссыз мектеп" эко-марафоны өтіп жатыр. 

"Құстарға ұя сыйлайық" мектеп челленджі аясында 1 мыңнан астам құс ұясы жасалды. Олар мектеп ауласында, саябақтар мен алаңдарда орнатылды.

Ұйымдастырылып жатқан шара «Гүлдер әлемі» деп аталады. Наурызбай ауданы бойынша 1 күнде 2 мыңнан астам гүлдер отырғызылды. Гүлдер мектеп, тұрғын үй, көше бойында отырғызылып жатыр. Сондай-ақ талантты оқушылар арасында қоқысты өңдеу және шағын сәулет нысандарын жасау бойынша конкурс өтіп жатыр. Бұл арқылы жастар арасында қаланы күтіп баптау, таз ұстау, экомәдениетті қалыптастыру көзделген. Науқан қала тұрғындарын тазалыққа бейімдеп, өмір салтының бір бөлігіне айналдыруға мүмкіндік береді деген ойдамыз, – дейді Наурызбай ауданының әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев.

"Гүлдер әлемі" іс-шарасына қатысқан оқушылар науқанға қатысып, гүл отырғызғандарына қуанышты екенін атап өтті. 

Бүгін біз сыныптастарымызбен гүлдерді отырғыздық. Ата-анамыз да қолдап, көмектесуге келді. Мен қоқысты шашпай, табиғатты таза ұстағанды жақсы көремін. Мен қаламның таза болғанын қалаймын, – дейді Нұрай есімді оқушы.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы