Фоторепортаж. Алматыда балаларға тегін 50 метрлік сырғанақ бар

Жаңадан ашылған сырғанақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тегін. Зейнеткерлерге де жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматының «Терренкур» демалыс аймағының тоғанында қысқы тюбингтерге арналған 50 метрлік сырғанақ салынды. «Снежная горка» әлеуметтік жобасы жеке қаржы есебінен орнатылды.

Жоба әкімдікпен, Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жүзеге асты. Біз аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік қызметтерді тегін ұсынамыз. Көпбалалы отбасыларды, мүгедектер мен зейнеткерлерді күтеміз, - дейді сырғанақтың идеялық шабыттандырушысы Бауыржан Ермағамбетов.

Сырғанақтың басты ерекшелігі, оның тоған ортасында орналасуы. Ойын-сауық орны сырғанақ тебуге қауіпсіздік. 20 градус бұрыштық құрылым 5 бөлікке бөлінген және әрқайсысы арнайы тормен қоршалған. Ал мәреде тежегіш тор және арнайы жұмсақ қаптар бар.

Сырғанақ туралы әлеуметтік желіден көріп, келдім. Бізге өте ұнады, қала орталығына келіп, баллонмен сырғанауға болады. Бұл жердің ауасы таза, адреналин алдым. Осы жерге әлі келемін, - дейді алматылық тұрғын.

Айта кетейік, қысқы сырғанақ маусым аяқталған соң қайта бұзылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы