Президент сайлауы – 2019. Фотобаян

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылғы 9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау қалай өтіп жатыр? Келесі фотобаянда:


Сайлау учаскелерінің жұмысы мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды.


Еліміз бойынша 9968 сайлау учаскесі бар.


Кезектен тыс президент сайлауы заңға сәйкес, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:00-де басталды, енді 20:00-ге дейін жалғасады.


Фото: интернеттен

Бүгін еліміздің барлық аймағында қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдауда.



Сайлауда алғаш рет дауыс беріп жатқан жастарға, сондай-ақ жасы үлкен ата-апаларымыз бен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы сыйлықтар тапсырылуда.



Сағат 10.20-да Нұр-Сұлтандағы №52 сайлау учаскесіне ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруге келді. Қасында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева, елорда әкімі Бақыт Сұлтанов бар.


"Астана Опера" театрының әншілері дирижермен хор айтты.


Ал 9.30-да ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев №115 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.


Сондай-ақ, Қазақстан президентіне үміткер кандидаттар өз таңдауларын жасады: Жамбыл Ахметбеков – "Қазақстан коммунистік халық партиясы", Еспаева – "Ақ жол" партиясы, Әміржан Қосанов – "Ұлт тағдыры" қозғалысы, Төлеутай Рахымбеков – "Ауыл" партиясы, Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтар федерациясы, Қасым-Жомарт Тоқаев – Nur Otan партиясы, Сәді-Бек Түгел – "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы.


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылдың 1 қаңтарындағы есебі бойынша 11 814 019 Қазақстан азаматының сайлауға дауыс беру құқығы бар.


2019 жылдың 9 маусымы сағат 14:00-де тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8%-ы дауыс берді.

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Сәбит ауылы түгел дауыс берді.


ҚР ОСК ғимаратында әр сағат сайын сайлау барысы жайында есептік брифинг өтіп жатыр.




Ол жақта қазақстандық және шетелден келген 30-40-қа жуық журналист ақпарат таратуда.


Шетелдік байқаушылардың айтуынша, халық сайлауға белсенді қатысып жатыр.


2019 жылдың 9 маусымы сағат 16.00-ге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, сайлаушылардың 65,9%-ы дауыс беріп үлгерді.


№142 сайлау учаскесінде жас жұбайлар некесін қиды. 


Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері кешкі сағат 20.00 дейін жұмыс істейді.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ, Артем ЧУРСИНОВ, Жамила МҰРЗАБЕКОВА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы