«Фосфор» ауруханасы инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының №2 қалалық ауруханасы инфекциялық стационар ретінде ашылып, жұмыс істеуде. Қазір медицина мекемесінде мамандар ковид пен пневмонияға шалдыққан науқастарды қабылдап жатыр.

Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді. Мұнан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.

Айта кетейік, ауруханада ашылған инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар.

Ал медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы