Forbes рейтингісінде әлемдегі ең бай адам бір сағат ішінде екі рет өзгерді

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы және жақында Twitter әлеуметтік желісінің иесі болған Илон Маск бүгін Forbes журналының ең дәулетті адамдар тізіміндегі орнын екі рет жоғалтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді ол тізімде LVMH француз тобының президенті Бернар Арнодан кейін тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Сәрсенбі күні сағат 15:30-16:30 арасында Масктың дәулеті $185,1-185,8, ал Арнонікі $185,3-185,7 болды. Осы уақыт ішінде Арно екі рет бірінші орынға көтерілді. Маск Forbes журналындағы миллиардерлер тізімінде алғаш рет 2021 жылдың көктемінде көш бастаған. Сол кезде оның таза байлығы 219 млрд долларға жетіп, Forbes дәулетін 171 млрд долларға бағалаған Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безосты артта қалдырды. Ол кезде француз кәсіпкері Бернар Арно үшінші орында болатын. Ол алғаш рет 2020 жылы үздік «үштікке кірді» - содан бері Арно отбасының байлығы, Forbes мәліметінше, екі еседен астам өсті (76-дан 158 млрд долларға дейін).

Масктың «құлдырауы» миллиардердің биылғы көктемде Twitter-ді 44 млрд-қа сатып алу туралы ұсыныс жасағаннан кейін Tesla акцияларының құнының күрт төмендеуімен түсіндіріледі.

Гринвич бойынша сағат 19:00-де Масктың байлығы $185,8 млрд, Арнонікі $184,7 млрд. құраған. Үшінші орында – үнді миллиардері Гаутама Адани (134,2 млрд доллар). Рейтинг нақты уақыт режимінде жаңартылады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы