Forbes: Әлемде ең жоғары гонорар алатын әртіс кім?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дуэйн Джонсон екі жыл қатарынан forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең жоғары ақы төленетін әртістер тізбесін бастап келеді.
Джонсонның жылдық табысын Forbes 87,5 миллион долларға бағалады. Осы жылда Netflix-те шығатын "Қызыл хабарлама" (Red Notice) фильміндегі рөлі үшін әртістің 23,5 миллион доллар алғандығы атап өтілген. Бұған қоса Джонсонның бірінші орынға шығуы оның Under брендімен шығарылатын Armour Project Rock ерлер спорттық киімінің сұранысқа ие болуымен байланысты.
Рейтингте екінші орынды жылдық табысы 71 миллион долларға бағаланған канадалық әртіс Райан Рейнольдс иеленді. Атап айтқанда, "Бұлыңғыр алтылық" (6 Underground) және "Қызыл хабарлама" (Red Notice) фильмдеріндегі рөлдері үшін ол 20 миллионнан астам доллар тапқан.
Ең жоғары ақы төленетін әртістер тізімінде үшінші орынды жылдық табысы 58 миллион долларды құрайтын америкалық Марк Уолберг еншіледі. Ол осыншама ақшаны "Мак-Миллиондар" (McMillions) және "Уолл-стрит" (Wahl Street) деректі фильмдерінің продюсері ретінде тапқан.
Сонымен бірге тізімнің бірінші ондығына Бен Аффлек ($55 млн), Вин Дизель ($54 млн), Акшай Кумар ($48 млн), Лин-Мануэль Миранда ($45,5 млн), Уилл Смит ($44,5 млн), Адам Сэндлер ($41 млн) және Джеки Чан ($40 млн) енген.