Forbes отандық спортшылар униформасын ең талғампаздар қатарына қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал Forbes журналы олимпиадалық форманың үздік 8 дизайнын анықтады.
Журналдың шолушысы Стефан Рабимов түзген үздік униформалар рейтингінде Қазақстан командасының формасы да бар, деп жазады Olympic.kz.
Үздік формалар тізіміне #teamKZ атлеттерінен бөлек, АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония командаларының формасы енген.
Біздің команда формасын сипаттай келе, автор түстердің жақсы үйлесім тапқанына, ең бастысы – жобадағы командалық жұмыстың жоғары болғанына ерекше назар аударады. Өйткені форманы дайындау барысына спортшылар да қатысқан болатын.
Қазақстан командасының отыз бес мүшесі форманы дайындау барысына тікелей араласты. Дизайнер Салтанат Баймұхамедова матаны, түсті және декоративті элементтерді таңдай кезінде командамен бірлесе жұмыс істеген. Бұл спортшылардың қолдауды сезінуіне, олимпиадаға апарар жолда шабыттануына әсер етті. Аспан түстес көк түс қазақ даласындағы шегі жоқ аспанды еске салады. Бұл ел астанасы мен Алматы қаласының сән орталығы екенін одан әрі айқындап, екі қала арасындағы мәдени бәсекелестікті де арттыра түседі. Олимпиадалық рух дұрыс насихатталса, бәрі де жеңіске жетеді, - деп жазды автор.
Униформаның таныстырылымына, сондай-ақ арнайы фотосессияға қазақстандық олимпиадашылар қатысты.