Forbes: Эрик Трамп криптовалютаның арқасында миллиардер атанды
АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы Эрик Трамп American Bitcoin криптовалюта компаниясындағы үлесінің қымбаттауына байланысты миллиардер атанды. Бұл туралы Forbes басылымы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
3 қыркүйекте компания қағаздарының қымбаттауынан кейін 41 жастағы Эрик Трамптың үлесі 950 млн долларға жетті. Ол жобаның негізін қалаушылардың бірі әрі стратегия жөніндегі директоры болып саналады.
Бұған дейін The Wall Street Journal Дональд Трамп отбасының жалпы байлығы World Liberty Financial компаниясы wlfi криптовалютасының саудаға шығуынан кейін бір күнде 5 млрд долларға артқанын жазған. Қазіргі есеп бойынша АҚШ президенті әулетінің байлығы шамамен 11 млрд долларды құрап отыр.
Сондай-ақ биыл мамырда Дональд Трамп пен оның серіктестері іске қосқан Trump таңбалауышынан 324,5 млн доллар көлемінде комиссиялық табыс түскені хабарланған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Израиль Макронға елге кіруге тыйым салды
Өзгелердің жаңалығы