Forbes ең жоғары ақы төленетін актрисалар рейтингін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Америкалық отбасы» (Modern Family, 2009-2020) комедиялық сериалда сомдаған рөлі арқылы танымал болған колумбиялық София Вергара Forbes журналының нұсқасы бойынша ең жоғары ақы төленетін актрисалар рейтингін бастады.

Forbes деректері бойынша 48 жастағы Вергара бір жылда 43 млн доллар табыс тапқан. «Америкалық отбасы» фильміндегі әрбір эпизодтағы түсірілім үшін ол 500 мың доллардан алып отырған. Бұдан басқа актриса төреші ретінде қатысқан «Америка таланттарды іздейді» (America's Got Talent, 2006-жылдан бүгінгі күнге дейін) шоуының әр маусымында 10 млн доллардан тапты. 

Екінші орынды 35,5 млн доллар кіріспен америкалық актриса Анджелина Джоли еншіледі. Оған ең көп табыс әкелген Marvel студиясының «Мәңгілік « (The Eternals) фильміндегі басты рөл. Жалпы бюджеті шамамен 200 млн долларды құрайтын картина 2021 жылы көрерменге жол тартпақ. 

Ал үшінші орынды жалпы кірісі 31,5 млн долларға жеткен израильдік актриса Галь Гадот иеленді. Netflix стримингтік сервисінің «Қызыл хабарлама» (Red Notice, 2020) фильміне түскен Галь Гадот 20 млн доллар табыс тапты. 

Рейтингке қатысушылардың жылдық кірісі жалпы алғанда 254 млн долларды құрады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы