Forbes "қалтасы жұқарған" байлардың тізімін жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Forbes журналы қаржы жағынан жолы болған және өзінің ақшасы едәуір азайған миллиардерлердің тізімін жария етті.
Биыл франциялық LVMH (Moet Hennessy - Louis Vuitton) басшысы Бернар Арно ең көп ақша тапқандардың тізімін бастап тұр. Ол – Christian Dior, Louis Vuitton және Givenchy сауда маркаларының иесі. Әлемдегі үшінші ең бай адамның байлығы өткен жылмен салыстырғанда 40 миллион долларға артты.
Тізімдегі екінші орынды Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг алды. Ол осы жылы 22 миллард доллар табыс тапқан. Үшінші орында 17,3 миллиард доллар қазанған Zara брендінің иесі Амансио Ортега тұр.
Ал 2019 жылы "жолы болмаған" тұлғалардың тізіміне үндістандық кәсіпкер Азим Премжи (минус 14,1 миллиард доллар), Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос (минус 13,1 миллиард доллар), сондай-ақ Essel Group төрағасы Субхас Чандра (минус 3,4 миллиард доллар) бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент бірқатар елшіні тағайындады
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы