Fokker-100 әуе кемесі құлауының себебі айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызалиев Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 әуе кемесіне қатысты болған авиациялық оқиғаны тексеру жұмыстары аяқталғанына қатысты баспасөз брифингінде айтты. 

Экипаж ұшу үшін тыңғылықты дайындалған. Олар ұшуға рұқсат сұрайды. «Флекс» режимін қосады. Екінші пилот командирден ұшуға рұқсат алады. Олар ұша бастайды. Әуеге көтерілген соң, жолақтан көтерілгеннен кейін қалыпты ұша бастайды.  Кейін солға қарай бірден 5,2 градусқа, оңға 18,7 градусқа қарай тұрақсыз ұша бастайды. Одан кейін тағы солға қарай 17 градусқа қисаяды. Әрине, одан кейін ұшақ тұрақсыздықтың әсерінен жылдамдығы мен қозғалтқыш күшін жоғалтады. Сондықтан да шассидің жолағына құлдилай құлайды. Олар тек 18 фунтқа ғана көтерілген, - деді ол. 

Наурызалиев айтқандай, экипаж ауа райының мәліметтерін алған соң. ұшақтың ішкі-сыртқы жағдайын қарайды. 

Аман қалған екінші ұшқыш ұшақты өзі қарап шыққанын айтады. Оның сөзімен айтсақ, ұшақ қанатын ұстап көргенде «темірдей құрғақ» болған. «Темірдей құрғақ» деген сөздің қай мағынада қолданғанын білмеймін, бірақ тура осылай айтқан. Яғни, командир ұшақтың қанатын өңдемеу керек деп шешкен. Таңғы сағат 6.30 кезі болған. Ол кезде күн қараңғы болуы да мүмкін. Олар қанат құрғақ деп есептеген болуы мүмкін, - деді ол. 

Айта кетейік, ИИДМ Авиациялық комитеттің осы апатқа қатысты есебін жариялады. 

Айта кетсек, «Бек Эйр» АҚ әуе кемесімен болған авиациялық оқиға ұшақ әуеге көтерілген кезде қанатының күш түсетін қасиетінің симметриясын жоғалтуы салдарынан болғаны анықталды. 

Соның кесірінен ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін фюзеляжға құлап, қар басқан топырақтың бетімен оңға қарай ауып кеткен, одан кейін әуежайдың периметр бойынша қоршауын бұзып, аталған қоршаудан 9-10 метр қашықтықта орналасқан екі қабатты жеке меншіктегі құрылыс нысанына соғылған, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы