13 Қазан 2026, 06:35 Фото: Азаматтық авиация комитеті

Flydubai Алматы – Дубай бағыты бойынша жүк тасымалын бастады

Жүк рейстері Boeing 737 ұшақтарымен аптасына бір рет орындалады.

Алматы халықаралық әуежайы Flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін қабылдады. Осыған орай салтанатты рәсім ұйымдастырылып, ұшақ дәстүрлі су аркасымен қарсы алынды.

Жүк рейстері Boeing 737 ұшақтарымен аптасына бір рет орындалады.

Жаңа бағыт Алматы мен Дубай арасындағы тікелей жүк тасымалын қамтамасыз етіп, экспорттық-импорттық жеткізілімдерді дамытуға және екі өңір арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Алматы халықаралық әуежайы жүк тасымалы бағыттарын кеңейту арқылы қаланың Орталық Азиядағы маңызды авиациялық-логистикалық орталық ретіндегі орнын нығайтуды көздейді.