FlyArystan Грузияға рейстерін уақытша тоқтатады
FlyArystan әуекомпаниясы Астана – Кутаиси бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Авиакомпания 2026 жылғы 1 ақпан мен 15 наурыз аралығында ұшуды тоқтатады. Ұшу бағдарламасын оңтайландыру мақсатында қабылданған шешім бойынша рейстер 16 наурыздан бастап қалпына келтіріледі.
Тоқтатылған рейстердің жолаушылары үшін авиакомпания тегін қайта брондау немесе билетті толық қайтару мүмкіндігін ұсынады. Өзгерістер ресми сайттағы «Брондауды басқару» бөлімінде қолжетімді, ал агенттіктер арқылы сатып алғандар билетті сатып алған жерге хабарласуы тиіс.
Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық авиатасымалдар географиясын кеңейтуді жалғастырып, 30 мемлекетке 135 бағыт бойынша аптасына 626-643 рейс орындалуда, - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресей мен Украина аумақтық мәселе бойынша келіссөз жүргізуде
Келесі жаңалық
Ұстаздың беделі – ұрпаққа үлгі: Заң және қоғам рөлі
Өзгелердің жаңалығы