FlyArystan басшысы Оралда егіздердің анасы Жазира Мусинамен кездесті

Бүгін FlyArystan басшысы Оралда егіздердің анасы Жазира Мусинамен кездесті. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде «Астана-Орал» рейсіне жіберілмеген 12 жасар қыз Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді. Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұрады. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болды. Әуекомпания кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен алдағы уақытта бөліседі», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орал қаласының қос тұрғыны, егіздер – Зәуре мен Зере Америкадағы тіл мектебінен Астана арқылы кері ұшып шыққанын, елордаға аман жеткен қос жасөспірімнің бірі Астана - Орал бағытында ұшқан «FlyArystan» әуекомпаниясының ұшағынан қалып қойғанын жазған болатынбыз.

Бұл оқиғаны естіген Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті FlyArystan ұшағына жіберілмей, әуежайда жалғыз қалған 12 жасар қыздың анасына хабарласып, қажетті психологиялық көмек ұсынған болатын.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы