Павлодар облысында ұн қымбаттаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертіс өңірінде азық-түлік бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысында 2020 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларына – 0,1%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 0,2%-ға, ақылы қызметтерге – 1,2%-ға баға өсуі байқалды. Азық-түлік тауарлары бойынша жұмыртқа бағасы 4,3%-ға, макарон өнімдері – 4,1%-ға, мәйекті ірімшік – 2,9%-ға, ұн – 2,1%-ға, жармалар – 2%-ға, май және тоң май бағасы – 1,6%-ға өсуі байқалды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жемістер мен көкөністер бағасы 5,5%-ға арзандады.
Азық түлік емес тауарлары бойынша жеке қолданатын электр приборлары 1,5%-ға, автомобильдер – 0,6%-ға, киім және аяқ-киім – 0,1%-ға қымбаттады.
Ақылы қызметтер бойынша электр энергия тарифтері 20,9%-ға қымбаттады (ағымдағы жылдың мамыр айында тарифтердің 6,3%-ға, шілдеде – 8,7%-ға төмендеуін қоса алғанда, 2019 жылдың желтоқсанына электр энергия бойынша индексі 103,5%-ды құрады).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы