Фламинго туралы видео авторы Қаракөл өзенінен тағы бір тамаша туындымен бөлісті
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Фламинго туралы атышулы видеоның авторы Азамат Сәрсенбаев бұл жолы Қаракөл өзенінде қонған аққулар мен үйректердің бір тобын түсіріп алған.
Қаракөл өзеніндегі аққулар мен үйректерді Азамат Сәрсенбаев 20 қаңтарда түсірген.
Ролик авторы су қоймасының жанынан арнайы алаңдар орнатқан жөн деп санайды. Сонда ғана әр адам осындай керемет көріністі тамашалай алады.
Осындай көп аққу мен үйрек даусын өте жақын қашықтан естіген кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, жергілікті тұрғын Азамат Сәрсенбаев фламингоның бір тобын видеоға түсірген болатын. Кейінірек бұл бейнеге Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы назар аударды.
Азамат Сәрсенбаевқа берілген ескертуден кейін бұл іс бойынша сот басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ПИК жұмысына тұрғындардан көп арыз, шағым түскен
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы