Физика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Физикадан 2020 жылғы Нобель сыйлығын Оксфорд университетінде жұмыс істейтін профессор Роджер Пенроуз, АҚШ-та жұмыс істейтін германиялық ғалым Рейнхард Герцель және америкалық физик Андреа Гез алды.
Сыйлық иегерлерінің есімі Стокгольмдегі марапаттау рәсімінде жарияланды.
Пенроузу салыстырмалылық теория аясында қара құрдымды зерттегені үшін берілді. Ал Гензель мен Гез «галактиканың орталығында өте ауыр объектіні ашқаны үшін» сыйлықты алды.
Пенроуз сыйақының жартысын, Гензель мен Гез жартысын алады.
Бұған дейін, 5 қазанда физиология және медицина бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығы С гепатиті вирусын ашып, осы дертпен күреске үлес қосқан ғалымдар – америкалық Харвин Олтер мен Чарльз Райс және британдық Майкл Хоутон алған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелде білім алуға арналған қандай бағдарламалар бар
Өзгелердің жаңалығы