Фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы проблемалар қандай?
Бұл туралы депутат Сұлтан Дүйсембинов Сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат еліміздегі жұмыстың бұл бағытына өсімдік карантині жөніндегі 559 мемлекеттік инспектордың жауапты екенін және оның 172-сі мемлекеттік шекараның периметрі бойынша орналасқан фитосанитариялық бақылау бекеттеріне тікелей бекітілгенін атап өтті.
Айтуынша, кейбір инспекторлар бақылау-өткізу пункттеріне жету үшін 120 шақырымға дейін жол жүруі керек. Сонымен қатар олар көлік шығындарын өздері көтереді. Ал инспекторлардың жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 84 000 теңгеден бастап 146 000 теңгені құрайды. Депутат бұл бірінші проблеманың себебі – кадр тапшылығы деп отыр.
Еліміз үшін фитосанитариялық қауіпсіздік маңызын ескере отырып, фитосанитариялық бақылау бекеттерін тиісті замануи зертханалармен және басқа да материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар кешенін жедел түрде дайындау қажет деп есептейміз. Бұл шара жүйелі түрде және республикалық деңгейде жүргізілуі тиіс. Бақылау бекеттерінің санын және оларға келетін жүктемені ескере отырып, мемлекеттік инспекторлардың штат санын қайта қарастыруды, сондай ақ инспекторлардың жалақысын көтеру, басқа да қосымша төлемдер төлеу мәселесін шешуді сұраймыз, - деді сенатор.
Депутат инспекторларды материалдық-техникалық жарақтандыру жағдайын да назардан тыс қалдырған жоқ. Облыстық аумақтық инспекцияларға 298 автокөлік қажет болып отырған кезде, олардың тек 259-ы жұмыс істейді