Фитосанитарлық сертификат беру үш кезеңнен тұрады – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары өсімдік өнімдерінің экспорты үшін 10,0 мыңнан астам фитосанитариялық сертификаттар, оның ішінде ерте піскен қырыққабатқа 2,5 мың сертификат берген. Жуырда фермерлердің жаппай үндеуіне байланысты Шымкент және Түркістан аумақтық инспекциясы үстемелі жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Қырыққабатты экспорттауға қажетті құжаттар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының барлық аумақтық инспекцияларында беріледі. Мамыр айында олар 2,7 мыңнан астам өтініш қабылдады. Осы айда мамандар 2,7 мың фитосанитарлық және 164 карантиндік сертификаттар берді. Бұл дегеніміз, өсімдіктердің карантиндік тексеруін жүргізетін әр мемлекеттік инспектор күн сайын фермерлердің 40-қа жуық өтінішін өңдейді, бұл сәуір айымен салыстырғанда орташа есеппен 2,5 есе көп.
Қырыққабат өндірушілердің барлық сұраныстарын қанағаттандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Шымкент қаласының аумақтық инспекциясына қосымша жұмыс уақытын енгізді. Сонымен қатар, өтініштердің күрт артуына және оңтүстікке фитосанитариялық сертификаттардың берілуін жеделдетуге байланысты басқа өңірлерден қызметкерлер іссапарға жіберілді.
Фитосанитарлық сертификаттарды беруден дәлелді бас тарту Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі, өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жалпы, фитосанитарлық сертификат беру процесі үш негізгі кезеңнен тұрады:
1) ББАЖ порталына түскен өтінімдерді тіркеу және тексеру, оның ішінде өтінімде көрсетілген ақпарат пен деректердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
2) карантиндік фитосанитарлық жағдайды белгілеу және карантинге жатқызылған өнімдерді физикалық тексеру, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі инспектордың карантинге жатқызылған өнімді сақтауы және қоймаға баруы (үлгілерді фитосанитариялық сараптамаға жіберуге болады);
3) карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау туралы актіні БААЖ-да ресімдеу, фитосанитарлық сертификатты тіркеу немесе оны беруден дәлелді бас тарту.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде көрсетілген шағымдарға сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Шымкент қаласындағы аумақтық инспекцияның жұмысын тексеруді қолға алғанын хабарлады.