Фитосанитариялық бекеттерде бақылау күшейтілген

Жеміс-жидек дақылдарының пісетін кезеңінде фитосанитариялық бақылау бекеттерінде бақылау күшейтілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мәлім етті.

Жеміс-жидек дақылдарының пісуі басталғаннан бастап, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар шекара маңындағы бекеттерде карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу кезінде Қырғыз Республикасынан импортталатын карантинге жатқызылған тәтті шие (70 тн астам) өнімінде "Азиялық жидек дрозофила" карантиндік объектісін анықтаудың 5 жағдайын анықтады.

Азиялық жидек дрозофила (Drozophilasuzukii) – жеміс-жидек дақылдарының 60-қа жуық түрін, сонымен қатар тәтті шие, қара жидек, көк жидек, таңқурай, шие және құлпынай сияқты ұсақ жидектерді зақымдайтын кең таралған зиянкес.

Негізгі белгілері –жеміс тіндерінде пункциялар пайда болып, олар уақыт өте келе жұмсарып, дақтар пайда болады және жемістер шіріп кетеді.

Бұл түр Азияда эндемикалық болып табылады және Азияның, Еуропаның, Солтүстік және Оңтүстік Американың қоңыржай аймақтарына тез таралды. Болжамдық модельдерді қолдану D. suzukii Африка мен Австралияның басқа аймақтарына одан әрі таралу мүмкіндігіне ие екенін көрсетті. suzukii имаголары өсірілетін және жабайы өсімдік-иелерінің болуы және оңтайлы температура мен ылғалдылық жағдайлары сияқты биотикалық және абиотикалық факторлардың әсерінен қысқа қашықтыққа ұша алады, - делінген хабарламада.

2024 жылы ҚР АШМ АӨК МИК "Республикалық өсімдіктер карантині орталығы" ММ Жамбыл аймақтық карантиндік зертханасының филиалы келесі объектілерді анықтады: импортталған шие өнімінде 1 жағдай (Қырғызстан) және транзитте 4 жағдай (Қырғызстан-Ресей).

Өнімнің D. Suzukii зақымдануы өнімділіктің азаюы, жемістердің сақтау мерзімінің қысқаруы, егістіктерді бақылау мен өңдеуге қосымша еңбек және материалдық шығындар түрінде тікелей және жанама экономикалық салдарға әкеледі. Азиялық жидек дрозофиласы адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмейді, бірақ ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы