Қостанайда астық алқаптарының фитосанитарлық жағдайы қалай?

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мамандардың мәлімдеуінше, биыл Әулиекөл мен Науырзым аудандарында "Итальяндық прус" деп аталатын шегірткелер таралуы мүмкін. Астық белдеуінің зақымдануы дәнді-дақылдардың бой тіктеген кезеңінде облыстың оңтүстік аудандарында болады деп күтілуде. 

Жалпы, 2020 жылы өсімдіктердегі зиянкес аурулар көп таралуы мүмкін деген болжам бар. Оны бізге Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты Қостанай филиалы директоры Айгүл Олейник айтып берді.

Ауыл шаруашылығы дақылдары вегетациялық кезеңде көбіне ауа райына байланысты әр түрлі зиянкестермен зақымданады. Содан өнім мен оның сапасын нашарлайды. Алайда, Айгүл Олейник атап өткендей, бұл мәселеге диқандар дұрыс мән бермей отыр. Тұқымның фитоэкспертизасын тауар өндірушілердің бір бөлігі міндетті емес деп санайды. Улағыштарды фитопатогендік жүктемені ескерместен сатып алатын көрінеді. Сонымен бірге, патогенді факторларды ескермейтін шаруалар да кездесіп жатады. Оларда кездесетін зиянкестердің дені – фузариоздық және гельминтоспориоздық шірік қоздырғыштары. Септориоз, альтернариоз және тұқымдардың көгеруі де басым.

Қостанай филиалы жыл сайын тұқымдардың фитосараптамасын тиімді жүргізіп келе жатқан бірден-бір мекеме. Тұқым мен топырақ инфекциясын дамудың ерте сатысында анықтай алады.

Осы жылдың басында былтырғы егіннің тұқымындағы қоздырғыштарды талдап, бірталай зақымданғанын анықтадық. Мысалы, септориоз дәнді-дақылдардың 1%-ына, күнбағыстың 2%-ына жұққан. Тамыр шіріктері де біраз зақым келтірген. Орташа есеппен тұқымдардың 8%-ға дейін көлемі альтернариозға шалдыққан, ол егіс сапасының төмендеуіне әкелері сөзсіз. Сақталған және аз кептірілген тұқымдарда көгеру байқалды. Мысалы, дәнді-дақылдарда – 1,5%, бұршақта – 1%, майлы дақылдарда – 1%-ға дейін. Тұқымдардың бактериозға шалдығуын алайық: орташа есеппен дәнді-дақылдарда – 3,0%, бұршақта – 1,5%, майлы дақылдарда – 3%. Мен тізбектеген осы мәліметтер диқандарды ойландырса екен. Біз вегетациялық кезең бойы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына фитосанитарлық мониторинг жүргізіп, ұсыныстар береміз. Алынған деректер негізінде егістіктің жай-күйіне жыл сайын шолу жасалады. Дегенмен, қам жасауға асықпайтындар әлі де бар, - дейді Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты Қостанай филиалы директоры Айгүл Олейник.

Институт мамандарының мәліметінше, биыл Тобыл-Торғай өңірінде шегірткелерден анау айтарлық қауіп жоқ. "Итальяндық прус" деп аталатын зиянкестер Әулиекөл мен Науырзым аудандарында ғана таралуы мүмкін. Бірақ, оның да алдын алу оңай деп отыр филиал басшысы.

Биыл Амангелді ауданында зиянкестер өскені байқалғанымен, қауіпті шектен аспайды. Үйірден тыс шегірткелердің шабындықтарда, тыңайған жерлерде және көпжылдық шөптерде тығыз орналасу ошақтарының пайда болу мүмкіндігі жоқ, - дейді Айгүл Олейник.

2020 жылы өңірдің оңтүстік аудандарында астық бүргесі дәнді-дақылдардың көктеу өршуі тиіс, ал қалған аймақтарда орташа болады деп күтілуде. Сонымен бірге, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, биыл гессен шыбыны азайып, есесіне швед шыбыны көбейіп кетуі ықтимал. Институт ғалымдарының кеңесі: аталған зиянкестерден қорғану шараларын өсімдік бүр жара бастаған кезеңде жүргізу керек.

Егіс алқабына күтіммен қарамау, фитосанитарлық шараларды уақытында жүргізбеудің салдары зиянкестердің көбеюіне алып келеді. Мәселен, 2019 жылы шыбындар дәнді-дақылдар жапырақтарының 10%-ын зақымдады, - деп толықтырды институт директоры.

Сондай-ақ, ол биыл шағын шыбындардың таралуы мен зиян көлемі өткен жылдағыдай болады деген болжам айтады. Тұқымдардың залалдануын және топырақта инфекцияның болуын ескере отырып, ғалымдар ағымдағы жылы дәнді-дақылдардағы табақты дақтар (септориоз және гельминтоспориоздық дақтар) көбейе түседі дейді, шығындар орташа есеппен 15%-ға дейін жетіп қалуы мүмкін.

Жылы және қолайлы ауа райы да алаңсыз отыруға себеп емес. Бидай басы иіле бастағанда бөртпе дақтар белең алуы ықтимал. Бұл ауру астық шығымына залалын келтіреді, яғни 15-20% дейін өнім жоғалтамыз.

Мамыр айындағы жылы ауа райы орамжапырақ көбелегінің көбеюіне қолайлы болады. Маусым мен шілде айының ауа райы зиянкестердің санына әсер етеді. Ауыспалы егісті сақтамаған жағдайда, биыл да зығыр мен зығыр жемісінің зақымдануы ғажап емес, - дейді Айгүл Олейник.

Ол келтірген тағы бір мәліметте күнбағыста екі жыл бойы фомоз және фомопсис аурулары жиі ұшырасқан. Ауру көздері –тұқым, өсімдік қалдықтары, топырақ. Қорғаныш іс-шараларын жүргізбесе, ауру қоздырғыштары арта береді.

2019 жылы вегетация кезеңінде зығырдағы фузариоздың таралуы орта есеппен 3%-дан 5%-ға дейін өзгерді. Ағымдағы жылы қорғаныс іс-шараларынсыз ауру 7-10%-ға дейін артуы мүмкін. Зығырдағы бактериоз дамудың барлық сатысын бұзады, тамыр деформацияланады, өсу нүктесін жояды және өсімдік кебеді. Бутонизация кезеңінде зақымдалған тұқымдар мүлдем шықпайды. Шығын көлемі 5-7%-ға дейін жетеді, - деген Айгүл Олейник диқандарды институтпен тығыз байланыс орнатуға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы