Фируза Шарипова рингке оралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой бокс федерациясы (KFPB) Фируза Шарипованың есімін Еуропалық бокс одағына (EBU) жыл сайынғы мүшелік жарнасын төлейтін боксшылар тізіміне енгізді. 

Федерацияның вице-президенті Виталий Демьяненко өз сөзінде ұйымның бас хатшысы Энцу Джакопониді бұл ақпараттан хабардар етті, деп жазады Prosports.kz.

Федерацияның бұл шешімінің арқасында Фируза Шарипова рейтингтің үздік боксшыларының ТОП-15 тізіміне енеді, содан кейін ол Еуропа чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.

Еске салсақ, Франциядан келген әлем чемпионы, әлемдік рейтингтің бірінші нөмірі Майва Хамадуш Фируза Шарипованы Қазақстанда жекпе-жекке шақырған еді. Ол IBF және WBA нұсқалары бойынша ең беделді екі чемпиондық титул үшін таласуды ұсынды.

Бұған дейін Шарипова өзінің чемпиондық жекпе-жегіне тиісті қаражат бөлінбегендіктен мансабын аяқтайтынын мәлім еткен болатын.

Федерация Али Ахмедов, Али Балоев, Қанат Ислам және Жан Кособуцкий секілді басқа да қазақстандық боксшылардың мүшелік жарнасын төлейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы