Фируза Шәріпова ММА-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Бокстан әлем чемпионы болған Фируза Шәріпова ММА алаңындағы екінші айқасын сәттіөткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық боксшы 18 қараша Алматыда өткен Octagon 37 аралас жекпе-жек турнирінде әзербайжандық Гүнел Әмірбековамен октагонға шыққан болатын.
Аса жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа шақталғанымен, бірінші раундта-ақ қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Ол тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсті.
Бұл - Фризаның екінші жеңісі болса, Гүнелдің спорт карьерасындағы үшінші жеңілісі.
Еске салайық, биылғы 29 шілдеде Фируза Шәріпова ММА-да дебют жасады. Ол бірінші раундта ресейлік Карина Ондасынованы буындыру әдісімен жеңді.
Фирузаның кәсіпқой бокстағы жетістіктеріне келсек, ол IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды.
Ал өткен жылдың желтоқсанында «абсолютті» чемпион атағына таласты, бірақ жеңіліп қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада зардап шеккен өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы