Фируза Шарипова ММА-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың аралас жекпе-жектен көптен күткен дебюті OCTAGON 33 турнирінде өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келіге дейінгі аралық салмақтағы кездесуде атақты қазақстандық спортшыға грэпплинг пен панкратионнан ресейлік 18 жастағы чемпион Карина Оңдасынова (2:0) қарсы шықты.

Жерлесіміз қарсыласына қарсы қылқындыру әдісін ұтымды пайдаланып, ММА-дегі алғашқы жекпе-жегін өз пайдасына аяқтады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы