Бүгiн 2026, 08:54 Фото: oxu.az

Финляндияда төрт жаңа алтын кен орны табылды

Табылған алтын кен жүйесінің жалпы ұзындығы шамамен 7 шақырымды құрайды.

Финляндиялық Endomines тау-кен компаниясы қысқы бұрғылау жұмыстары кезінде Ресей шекарасынан шамамен 10 шақырым жерде орналасқан Укколанваара жынысты массивінен төрт жаңа алтынды аймақты анықтады.

Yle басылымына сілтеме жасаған  Oxu.Az мәліметінше, компанияның бас директоры Кари Выхтинен бұл Укко кен орнындағы алтын қорының үлкен әлеуетін дәлелдейтінін атап өтті.

Бір бұрғылау ұңғымасынан осындай жоғары сапалы үш алтын аймағының табылуы – біз бұрын-соңды көрмеген жағдай, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, алтын кен жүйесінің жалпы ұзындығы шамамен 7 шақырымды құрайды.