Бүгiн 2026, 04:45 Фото: pixabay

Финляндияда адам тұрмайтын арал толықтай жанып кетті

Өртті сөндіруге әрекет жасалмаған.

Финляндия аумағындағы Лапландия өңірінде адам тұрмайтын арал толықтай жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Торнионйоки өзеніндегі Ликасаари аралы негізінен шөптесін өсімдіктермен көмкерілген, ал шыққан өрт айналаға қатты түтін таралуына себеп болған.

Жексенбі таңына қарай Карунки елді мекеніне жақын орналасқан Ликасаари аралы толыққа жуық жанып кеткен. Құтқару қызметтері өртті сөндірмей, оның бақылаумен толық жанып бітуіне мүмкіндік берген.

Сонымен қатар мамандар жалынның Торнионйоки өзеніндегі басқа аралдарға таралмауын және материкке жетпеуін қадағалаған.