Финляндия банкі азаматтардың несие алуын қалай қойдыртатыны туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Финляндия елінің Орталық банкі ел тұрғындарының артық қарызын азайту үшін шаралар қабылдайтын болды.

Билік халықтың борышын төлемеуіне және қарыздық жүктемесіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл туралы "РИА Новости" сайтында хабарланды. 

Asiakastieto несие тарихы бюросының мәліметі бойынша, өткен жылы өз төлемдерін жүзеге асыра алмайтын финдер саны 8 мыңға өсіп, 382 мыңға жетті. Берешектердің қарқынды өсуі зейнеткерлер арасында: өткен жылы 65 жастан асқан төлеушілердің саны 9% артты. Қазіргі уақытта Финляндияда олардың жалпы саны 34,5 мың адамды құрап отыр. 

Мемлекеттік бағдарлама аясында бірнеше министрліктер артық қарызды азайту және азаматтардың жеке қаржыларын басқару қабілетін жақсарту бойынша шаралар қабылдайтын болады. Қазіргі уақытта Финляндия банкі халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жобаны іске асыруда, - деп мәлімдеді Банктің төрағасы Йенни Хеллстрём. 
Шағын несие берудің қол жетімділігі мен несие алудың жеңілдігі Әділет министрлігін де алаңдатып отыр.
Оқиғалардың мұндай дамуы жеке адамдар үшін де, ұлттық экономика үшін де қауіп тудырады. Бұл проблемаларды шешу үшін реттеу және қаржылық сауаттылық қажет. Шын мәнінде, Әділет министрлігі халықтың артық қарызына байланысты мәселелерді шешу үшін қазірдің өзінде бірқатар шараларды қабылдауды бастап кетті, - дейді тиісті ведомство басшылығы. 

Адамдардың жаңа қаржылық қызметтер қалай жұмыс істейтінін және олармен байланысты тәуекелдерді түсінуі маңызды. Цифрлық дәуірде біз қаржылық сауаттылықты үнемі дамытуымыз керек, - деп айтты Хеллстрём.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы