"ФинКо" микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "ФинКО" ЖШС микроқаржы ұйымының лицензиясынан айырылғанын мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2024 жылғы 12.02. №3 бұйрығына сәйкес "МҚҰ "ФинКО" ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды. "Микроқаржылық қызмет туралы" ҚР Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік 12 ай ішінде 3 және одан көп рет) лицензиядан айыру үшін негіздеме болды, - делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған заңға сәйкес "ФинКо"микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері, МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады, - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Өзгелердің жаңалығы