Филиппиннің оңтүстігінде өрттен мыңнан аса үй жанып кетті
Филиппиннің оңтүстігіндегі Тави-Тави аралына қарасты Бонгао ауданында болған өрт салдарынан 1000-нан астам үй жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Филиппин ақпарат агенттігінің (PNA) мәліметінше, өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 22:00-де тұтанып, қатты желдің әсерінен тез арада кең аумаққа тараған.
Сондай-ақ өрттен 1000-нан астам үйдің күлге айналғанын, ал шамамен 5 мың адамның басқа аудандарға барып паналауға мәжбүр болғанын айтқан.
Билік өкілдерінің мәліметінше, шамамен төрт сағатқа созылған өрттен зардап шеккен отбасылар құрлық арқылы да, теңіз арқылы да эвакуацияланған. Қаза тапқандар жоқ екені атап өтілді.
Ресми ақпарат бойынша, өрт толық сөндірілген, қазір оқиғаның шығу себебін анықтау және келтірілген залалды бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы