Филиппиннің Негрос аралында Канлаон жанартауы атқылады

Филиппиннің Негрос аралында Канлаон жанартауы оянды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Филиппиннің вулканология және сейсмология институтының мәліметінше, күл бағаны шамамен 2 шақырым биіктікке көтерілген.

Филиппин жаңалықтар агенттігі (PNA) атқылау жергілікті уақыт бойынша 24 қазанға қараған түні басталып, шамамен үш минутқа созылғанын мәлімдеді.

Институттың ақпаратына сай, жанартаудың белсенділігіне байланысты екінші деңгейлі дабыл жарияланды. Билік жақын маңдағы тұрғындарға үйдің терезелері мен есіктерін жауып, барлық саңылаулар мен желдеткіш тесіктерді дымқыл шүберекпен немесе матамен бітеп қоюды ескертті. Бұл күлдің үйге түсуінен сақтану үшін жасалып отыр.

Айта кетейік, Филиппин аумағы Тынық мұхиттың "От сақинасы" деп аталатын аймағында орналасқан, ол сейсмикалық және жанартау белсенділігі жоғары өңір саналады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: oldravvv/Shutterstock/Fotodom
Өзгелердің жаңалығы