Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды
Филиппинде 7,4 және 6,7 магнитудалы қос жер сілкінісінің салдарынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы елдің Табиғи апаттардың алдын алу және оларды басқару жөніндегі ұлттық кеңесі (NDRRMC) мәлімдеді. Ресми мәліметке сүйенсек, апаттан 8 436 адам зардап шеккен. Олардың ішінде 1 265 адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланған, ал 7 915 тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Филиппиннің Азаматтық қорғаныс басқармасының хабарлауынша, зілзаладан 11 адам жарақат алған.
Жер сілкіністері Минданао аралының жағалауында шамамен 10 сағат аралығымен тіркелген. Ал бұған дейін, 30 қыркүйекте Паломпон қаласының батыс жағалауында орын алған 6,9 магнитудалы жер сілкінісінен 70-тен астам адам қаза тапқан болатын.
Айта кетейік, Филиппин — жер сілкінісі жиі болатын мемлекеттердің бірі. Ел Тынық мұхитының «Отты белдеуі» деп аталатын — сейсмикалық және жанартау белсенділігі жоғары аймақта орналасқан.