19 Қазан 2025 2025, 19:46
Фото: BBC
Филиппинде тропикалық дауылдан сегіз адам қаза тапты
Филиппинде жексенбі күні соққан "Фэншэнь" тропикалық дауылының салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Филиппинде жексенбі күні соққан "Фэншэнь" тропикалық дауылының салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Азаматтық қорғаныс басқармасының өкілі Джуни Кастильоның мәліметінше, Маниланың оңтүстік-шығысында орналасқан Кесон провинциясының Питого муниципалитетінде ағаш құлап, бес адам қаза тапқан. Тағы үш адамның өлімі елдің орталық бөлігіндегі Батыс Висайя аймағында тіркелген.
Кастильоның айтуынша, Бұкиднон провинциясының Кесон муниципалитетінде болған жер көшкіні салдарынан із-түзсіз жоғалған екі адамды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.