Филиппинде тайфуннан қаза болғандар саны 204 адамға жетті
Филиппин аралдарына соққан күшті жел мен су тасқынын тудырған Калмаэги тайфунының салдарынан қаза тапқандар саны 204 адамға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Филиппин ақпарат агенттігі (PNA) таратқан мәліметке сәйкес, табиғи апаттар мен оқыс жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық кеңес (NDRRMC) тайфуннан болған зардаптарға қатысты ресми мәлімет таратқан.
Мәлімдемеде ел ішінде «Тино» деп аталған Калмаэги тайфунынан көз жұмғандардың саны 204-ке жеткені айтылды.
Сондай-ақ ведомствоның дерегінше, 109 адам әлі де хабар-ошарсыз, ал дауылдан зардап шеккендердің жалпы саны 2,9 миллион адамға жеткен.
6 қарашада Филиппин президенті Фердинанд Маркос-младший апат салдарын жою қызметтерімен кездесуде елде "ұлттық төтенше жағдай" режимі енгізілгенін жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы