Филиппинде су тасқыны мен көшкін құрбандарының саны 26-ға жетті

Филиппинде муссондық жауын-шашын мен тайфундар салдарынан қаза тапқандардың саны 26 адамға дейін өсті. Табиғи апаттың зардаптарын жалпы 2,8 миллионнан астам тұрғын сезінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Филиппин ақпарат агенттігіне (PNA) сілтеме жасап.

Ұлттық төтенше жағдайлар және апаттардың алдын алу кеңесінің (NDRRMC) мәліметінше, су тасқыны мен көшкіннен 33 адам жарақат алған, тағы 14 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Табиғи апат елдің әртүрлі өңірінде 8 916 үйге зақым келтірген.

Ел аумағында «Рагаса» тайфуны тіркелді. Ол 16 қыркүйекте Тынық мұхитының батыс бөлігінде тропикалық дауыл ретінде пайда болып, Филиппиннің солтүстік-шығыс жағалауына жақындағанда желдің жылдамдығы сағатына 260 шақырымға жететін «супертайфунға» айналған.

Осыған байланысты Филиппинде, Тайвань мен Гонконгте дауыл туралы ескерту жарияланып, төтенше дайындық режимі енгізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы