Филиппинде қаруланған жігіт 30 адамды кепілге алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппин астанасы Маниледе қаруланған жігітке 30-ға жуық адамды кепілге алды. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап, Rappler порталы хабарлады.

Оқиға сауда орталығында болған. БАҚ мәліметтеріне қарағанда, шабуыл жасаған адам бұрын сол сауда орталығында күзетші болған, ал тұтқынға сауда орталығының қызметкерлерін алған.

Жергілікті ABS CBN телеарнасы қала мэріне сілтеме жасап, күдікті оқ атқанын және гранатамен қаруланғанын хабарлады. Күзет қызметкері жарақат салдарынан ауруханаға жеткізілген. 

Полиция күдіктімен келіссөз жүргізіп жатыр, сауда орталығының келушілері сыртқа шығарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы