Филиппинде күшті жер сілкінісі орын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппинде күшті жер сілкінісі орын алды. Лусон аралындағы зілзаланың магнитудасы 7,3-ке жеткен деп жазады Philippine News Agency агенттігі.
Филиппиндік вулканология және сейсмология институтының мәлімдеуінше, жер сілкінісінің ошағы Тайум муниципалитетінен солтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 17 шақырым тереңдікте жатқан. Жер сілкінісінің дүмпулері ел астанасы – Маниле қаласында да байқалды.
Әзірге зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ресми ақпарат жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маймыл шешегін жұқтыру бойынша АҚШ көш бастап тұр
Өзгелердің жаңалығы