Филиппинде лай көшкіні жүріп, 68 адам көз жұмды
Алматы, baq.kz. Филиппинде лай көшкіні жүрді. Ел астанасы маңында болған апаттан 68 адам қаза тапқан, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.
Қазір онда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қала билігі мерт болғандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін айтады. Табиғаттың шәлкез мінезі шағын аралды шайқап тұр. Осыған дейін онда долы дауыл соғып, өңірдің астаң-кестеңін шығарған еді.
Табиғи апаттың салдарынан 5 мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Көшелерді су басып, жүздеген нысан қирап қалған. Осының кесірінен елде көлік қатынасы тоқтап, 20 мың адам діттеген жеріне жете алмай, жолда қалып қойған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде зейнетақы өсті
Өзгелердің жаңалығы