Филиппин аралдарында жанартау оянды

Филиппин аралдарында жанартау оянып, 30 мың адам көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір қауіп төнген аймақтардан тұрғындарды көшіруге әскерилер көмектесіп жатыр. Бұған Албай провинциясындағы мыңдаған адам жұмылдырылған. Жанартаудан 8 шақырым қашықтықта орналасқан барлық үйдің тұрғындары эвакуациялануда. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, көшіру 3 күнге созылуы мүмкін.

Айта кетейік, жанартау маусымның 11-і күні атқылай бастады. Апаттық жағдай енді басталғанда 14 мыңға жуық адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған. Қазіргі таңда Майон Филиппиндегі ең белсенді жанартау болып есептеледі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы