Филадельфиядағы ұшақ апатынан жеті адам қаза тапты
АҚШ-та Филадельфия округінің солтүстік-шығысында қосмоторлы медициналық ұшақ апатынан жеті адам қаза тауып, 19 адам жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
USA Today таратқан ақпаратқа сәйкес, ұщақ бортында ана мен бала, медқызметкер мен ұшқыштар болған.
Филадельфия мэрі Шерелл Паркер ұшақ жерге құлағандықтан өртенгенін алға тартты.
Біз бұл трагедияның себебін анықтаймыз, - деп атап өтті ол.
Әлеуметтік желілерде Филадельфиядағы әуе апаты болған жерден түрлі видеолар тарап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін америкалық Филадельфия қаласында санитарлық авиацияның кішігірім ұшағы тұрғын үйлерге құлады. Қайғылы оқиға ұшақ әуеге көтерілген соң Roosevelt Mall сауда орталығының маңында болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада міндетті медициналық сақтандыруды дамыту талқыланды
Келесі жаңалық
Таиландта туристер мінген автобус 15 метр биіктіктен құлады
Өзгелердің жаңалығы