ФИФА 2026 жылдан бастап ұлттық құрамалар үшін жаңа күнтізбе енгізбек
ФИФА халықаралық матчтар күнтізбесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы El Desmarque порталы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі жүйеде ұлттық құрамалар үш рет жиналады: қыркүйек, қазан және қараша айларында. 2026 жылдан бастап қыркүйек пен қазандағы үзілістерді біріктіріп, ұзақтығы 16 күндік бір ғана үзіліс жасау көзделуде.
Жаңа форматқа сәйкес, алғашқы халықаралық үзіліс 21 қыркүйектен 6 қазанға дейін өтеді. Осы аралықта құрамалар төрт матчтан өткізе алады.
Ал қарашадағы үзіліс 9-17 қараша аралығына белгіленіп, әр командаға екі ойыннан жоспарланған.
ФИФА мұндай қадамды ойыншылардың жүктемесін оңтайландыру және ұлттық құрамаларға дайындыққа көбірек уақыт бөлу мақсатында ұсынып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жапонияда United Airlines ұшағы апатты жағдайда қонды
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы